ҚР Парламентінің Мәжілісі және Алматы қаласының мәслихат депутаттарын сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында қаланың Аумақтық сайлау комиссиясының баспасөз конференциясы өтті.
Алматыда барлығы 603 дауыс беру учаскесі бар екенін айтты, бүгін олардың 602-і жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскелерінің біреуі ол жерде дауыс берушілер болмағаннан кейін, жұмысын тоқтатты – бұл ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімі.
Бұл туралы Алматы қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова айтты.
"7 учаскеде дауыс беру сағат алтыдан басталды, қалғандары жұмыстарын сағат 7-ден бастады", - деп атап өтті Алматы АСК төрайымы.
Спикер кандидаттардың сенімді өкілдерінің кейбір дауыс беру учаскелеріне телефонмен кіру мәселесіне түсініктеме берді.
"Бізде азаматтардың уақытша тұруына арналған бірнеше учаскелер бар, олар әскери бөлімдер, санаторийлер және т.б. Ол жерлердің өз ережелері бар, оған сәйкес, телефонмен кіруге рұқсат бермейді, сол себепті, байқаушылар мен сенім білдірілген тұлғаларға сайлау учаскелеріне барғанда телефондарын қалдыру сұралды", – деді спикер.
Алматы АСК төрайымы тіркеуден шығару куәліктері арқылы дауыс беруге қатысты маңызды жайтты еске салды.
"Алматы қаласында есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру сайлаудың тек бір түрі бойынша ғана мүмкін – ҚР Парламентінің Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша. Басқа сайлаулар бойынша "Сайлау туралы" Конституциялық заңға және есептен шығару куәліктерін беру қағидаларына сәйкес, дауыс беруге жол берілмейді", - деді Айгүл Қалықова.