Алматыда бір тәулік ішінде іздеуде жүрген 9 адам ұсталды

363

26 тамыздан бастап Алматыда республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.   

Алматыда бір тәулік ішінде іздеуде жүрген 9 адам ұсталды Фото: polisia.kz

Сонымен қатар 1 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, әшкереленген құқық бұзушылықтар арасында ұрлық пен алаяқтық, есірткі мен қаруды заңсыз сақтау, сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізу деректері бар. Бұған қоса, полицейлер бұрын жасалған 14 қылмысты ашып, іздеуде жүрген тоғыз адамды қолға түсірді. "Нелегал" санатында есепте тұрған 13 адам анықталған.

– Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға айрықша көңіл бөлініп жатыр: бір тәулікте осындай 1 мыңнан астам дерек тіркелген, олардың көпшілігі қоғамдық орындарда алкоголь ішу, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылыққа қатысты, – делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы 28 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу