Алматыда бір тәулікте 4 рет жер сілкінді

1421

Ең соңғысы бүгін сағат 11.30-да тіркеліпті.

Алматыда бір тәулікте  4 рет жер сілкінді

Алматыда тоқтаусыз тіркеліп жатқан жер сілкіністерді жұрттың үрейін ұшырды. Мұнда жер дүмпулері бір тәулікте 4 рет сезілген, деп хабарлайды  Atameken Business

Ең соңғысы бүгін сағат 11.30-да тіркеліпті.

Одан 2 сағат бұрын да тербеліс алматылықтардың зәресін алды. Зілзала ошағы Алматы қаласынан 356 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқаны анықталды.

"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мекемесінің ақпаратына сәйкес, өңірде түнгі сағат 3-те де жер сілкінісі болған. Сондай-ақ кеше кешкі сағат 8-дер шамасында жер қозғалыпты. Дүмпу 3-4 балл  қуатымен сезілген. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу