Алматыда бір тәулікте 8 өрт ошағы жойылды

1771

Қалалық ТЖД тұрғындарға үндеу жасады. 

Алматыда бір тәулікте 8 өрт ошағы жойылды Фото: Almaty.tv

Оңтүстік астананың өрт сөндірушілері өткен тәулікте Алатау, Бостандық, Наурызбай, Түрксіб аудандарында құрғақ шөп пен қамыс жанып жатқан 8 ошақты тоқтатты.

“Сағат 16:20-дан бастап (23 наурыз) ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданындағы таудың баурайында, Бақтыгереев көшесіндегі Ерменсай шағын ауданында күшейтілген шақыру шегінде жұмыс істеді. Құтқарушылар келгеннен кейін 2 гектар аумақты қамтыған құрғақ жердің жануы анықталды”, - делінген хабарламада.

Таулардағы жел салдарынан өрт еңіспен төмен қарай тұрғын үйлерге таралу қаупі туындады.

"Қабылданған жедел іс-шаралар нәтижесінде өрт ауыздықталды, ағаштардың жануын құралдар мен сөмкелік өрт сөндіргішпен тоқтату мүмкін болды", - деді қалалық ТЖД.

Өрт сағат 18:31-де жойылды.

“Үйлер мен алма бағын қорғауға қорғауға мүмкіндік болды. Жеке құрамнан 24 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды”, - делінген департамент таратқан хабарламада.

Қалалық ТЖД өрт қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты тұрғындардан ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөптер мен қамысты жағудан бас тартуды сұрайды. ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу