Алматыда бір тәулікте он күндік норма мөлшерінде қар жауды

189

Қарды тазалауға тәулік бойы 600-ден астам арнайы техника мен 1080 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Алматыда бір тәулікте он күндік норма мөлшерінде қар жауды Фото: Алматы әкімдігі

Алматы көшелерінен 6,5 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15-16 желтоқсан күндері Алматы қаласында қалың қар жауды. Оның қалыңдығы қалада 22 см-ге, Каменск үстіртінде – 40 см-ге, Шымбұлақта  42 см-ге жетті.

Қарды тазалауға тәулік бойы 600-ден астам арнайы техника мен 1080 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Жалпы қар жауып бастағалы қала көшелерінен  520 м³ қар шығарылған.

 Қарды уақтылы шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында автокөлік жүргізушілерінен автокөлікті жол жиектеріне, әсіресе түнгі уақытта қоймауын сұраймыз. Бір тәулікте жауған қардың мөлшері онкүндік норманы құрағанына байланысты, қаланың негізгі магистраль көшелерінен қар шығару бүгін түнде аяқталады,  деп хабарлады әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу