Алматыда бір топ туристі шетелге демалысқа жіберемін деп алдаған "Голубая лагуна" агенттігінің директоры қамауға алынды, деп хабарлады КТК арнасы.
Жәбірленушілер қыруар қаржысын осы турагенттің қолына беріп, сан соғып қалған. Ал ақшаны қалтаға басқан ол, шетелде демалыс орнын дайындамақ түгілі ұшақтың да билетін алмапты. Сөйтіп, бірі өз қалталарынан төлеп, саяхатын жалғастырса, екіншілері амалдың жоқтығынан үйде қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу