Алматыда саябақтың біріндегі мұз айдынында жасөспірім қыз соққыға жығылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Оқиға 26 қаңтар күні Гүлдер саябағындағы мұз айдынында болған. Ақпаратқа сәйкес, кәмелетке толмаған қызды қатарластары аяусыз ұрып-соққан.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.
"Оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жанжал туындаған екі жасөспірім қыздың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", – делінген хабарламада.