Алматыда бір түнде жедел жәрдем көлігі және бірнеше мәшине ұрлаған күдікті ұсталды

541

Алматыда бір түнде төрт рет көлік ұрлаған, үш оқиғадада жол апатына түскен күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме беріп.

Алматыда бір түнде жедел жәрдем көлігі және бірнеше мәшине ұрлаған күдікті ұсталды

Ол бірінші "БМВ" маркалы автокөлікті айдап кеткен. Бұл туралы полицияға сағат 21:45-те хабарлама келіп түседі. Көп өтпей-ақ аулада көлікті соғып алған. Өзі бой тасалап кеткен. 

Бірнеше минуттан кейін оның Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында ұрлаған автокөлігін соғып тастағаны мәлім болды. Жолдың қарсы бағытына шығып, "Тойота" маркалы автокөлікті соғыпты. Апат орнынан тағы да қашып кетеді. 
Содан кейін 28 жастағы әйелдің "Ниссан" көлігін күшпен тартып алды. Алайда ол алысқа бармай мәшинені аударып тастаған. 

Куәгерлер оқиға орынына жедел жәрдем шақырғанда күдікті жедел жәрдем көлігін айдап, қалаға кіріп кеткен. Осы сәтте ғана оны полиция экипажы ұстай алған.

"Күдікті – 1994 жылы туған. Медициналық куәландыру барысында анықталғандай, есірткіге мас болған", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол қамауда. Көлікті айдап әкету фактілері бойынша үш қылмыстық іс тіркелді. Сонымен бірге үш жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу