Алматылық құтқарушылар бір мезгілде екі өртті сөндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші оқиға Наурызбай ауданының Қалқаман шағынауданында болған.
Тұрғын үйдің жертөлесінде макулатура жанып кеткен.
Тұрғындар пәтерінен өз бетімен шыққан.
Алматылық құтқарушылар шақыртудан кейін жарты сағаттың ішінде тілсіз жауды сөндірді.
Екінші оқиға Жетісу ауданындағы жеке тұрғын үйде болды. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу