Алматыда бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектепке барды

1204

Алматыда бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын алғаш рет наурызда аттады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Алматыда бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектепке барды

 Қаладағы №105 гимназияның мектеп бітіруші түлектері бірінші сынып оқушыларын қарсы алған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіге тез тарады. Жоғары сынып оқушылары кіреберіске жиналып, мектепке алғаш рет кірген балаларды қол шапалақтап қарсы алған. Ал оны көрген балалардың таңданысы ерекше. Осылайша оқушылар ұзақ үзілістен кейін мектепке бара бастады. Әзірге тек 1 мен 5-ші сынып аралығындағы және халықаралық мектептердің 1 мен 7 сыныптағы білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Десе де санитарлық нормаларды сақтау маңызды. Мектепке кіреберісті оқушылардың дене қызуы өлшенеді. Сынып ішінде олар міндетті түрде маска тағып, арақашықтықты сақтауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу