Алматыда бірқатар аурухана қалыпты жұмыс режиміне ауысты

970

Оның ішінде қалалық фтизиопульмонология орталығының филиалы Халық Арена, №1 қалалық перзентхана, қалалық Кардиологиялық орталық, Психикалық денсаулық орталығы бар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматыда бірқатар аурухана қалыпты жұмыс режиміне ауысты

"Ауруханаға жатқызу деңгейі мамыр айының ортасындағы 190-200-ден тәулігіне 80-90-ға дейін төмендеді. Өткен тәулікте 54 науқас ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты, эпидемиологиялық ахуалдың салыстырмалы түрде қолайлы ағымын сақтай отырып, коронавирус жұқтырған науқастарды қаланың арнайы ауруханаларына жатқызу жоспарлануда. Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, ЖШМККА, қалалық фтизиопульмонология орталығының филиалы Халық Арена, №1 қалалық перзентхана, қалалық Кардиологиялық орталық, Психикалық денсаулық орталығы, №1 Қалалық клиникалық ауруханасы әдеттегі режимде жұмыс істеуде", – деді басқарма басшысы. 

Спикердің айтуынша 14 маусымнан бастап Қалалық орталық клиникалық аурухана мен И. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалы ковидтік стационары жабылып, қалыпты жұмыс режиміне оралады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу