Ертеңнен бастап Алматыда екі бағыттың автобустары жаңарады

703

Ертеңнен бастап №202 және №205 маршруттарға Foton маркалы жаңа автобустар шығарылатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ертеңнен бастап Алматыда екі бағыттың автобустары жаңарады Фото: tengrinews.kz

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, енді маршруттарда сыйымдылығы 85 адамға дейінгі 12 метрлік автобустар қызмет көрсетеді. Автобустар табиғи газбен жүреді, пандус пен ауа салқындатқышпен жабдықталған.

Бұған дейінгі автобустардың сыйымдылығы 70 адамға шақталған болатын.

"№202 маршрутта ЛиАЗ маркалы 15 автобус қызмет көрсеткен. Соңғы айларда жоспарлы шығу 40%-ға төмендегендіктен, 20 жаңа автобусты осы маршрутқа шығару туралы шешім қабылданды. Жылжымалы құрам жаңартылғаннан кейін жүру жиілігі 14-15 минут болады деп жоспарланып отыр", - деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, Сайран автобекеті мен Қаскелең арасында қатынайтын маршруттың жолаушылар ағымы айына 160 мыңнан 400 мыңға артпақ.

"Соңғы кездері жоспар бойынша шығудың 50%-ы ғана қаматамасыз етіліп жүрген №205 маршрутта 18 автобус қызмет көрсетті. Енді "Орбита" шағынауданынан Жетісу базарына қатынайтын маршрутта 25 жаңа автобус жолға шығарылып, жүріс интервалы 7-9 минутты құрайтын болады. Жолаушылар ағыны бұл маршрутта айына 300 мыңнан 500 мыңға өседі деп күтіліп отыр. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатын болады", - деп атап өтті қалалық мобилділік басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу