Алматыда бірнеше балабақша мемлекет меншігіне қайтарылады

764

Қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуі барысында мектеп мен балабақшада орын тапшылығын азайту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді, деп жазды inbusiness.kz

Алматыда бірнеше балабақша мемлекет меншігіне қайтарылады

"Әйтеке би-Мәуленов көшесіндегі жалға берілген бұрынғы балабақша ғимараты алынды. Енді ғимаратты күрделі жөндеу қажет. Құрылыс 2023 жылдың екінші тоқсанында басталады", – деді әкім. 

Сондай-ақ Тілендиев көшесіндегі бұрынғы балабақша ғимараты қайтарылмақ. Ғимарат жөнделген соң 300 орындық мемлекеттік балабақшаның жұмысы қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар қыркүйек айында Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық жеке мектеп ашу көзделіп отыр.

Қараша айында №16 мектеп ғимаратына 350 орындық құрылысына арналған құжаттаманы әзірлеу басталады. Құрылыс 2024 жылдың наурыз айына жоспарланған. 2023 жылдың шілдесінде аяқталатын №15 гимназияның сейсмотұрақтылығын күшейтуге қатысты күрделі жөндеу жүргізілуде. 

Алдыңғы кездесуде №136 және 58 мектептің жағдайы сөз болған еді. Екі мектеп те жоспарға енгізілді. 2023 жылдың шілдесіне дейін ғимараттарды күрделі жөндеп, сейсмикалық күшейтуге құжаттама әзірленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу