Алматыда бірнеше ер адам жасөспірім қызды зорлаған

663

Алматы қаласының Полиция департаменті өкілдері оқиғаның болғанын растады. 

Алматыда бірнеше ер адам жасөспірім қызды зорлаған Фото: ESp.md

"Немолчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Алматыда болған сұмдық жағдай туралы айтты. 4 ер адамның 18 жастағы қызды зорлағаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аталған дерек бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бір күдіктінің жеке басы анықталды. Одан бөлек, тергеу шаралары қабылданып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек.   

Құқық қорғаушының айтуынша, қыз 17 қарашаға қараған түні әпкесі мен оның досымен дүкенге кеткен. Кері қайтар жолда әпкесінің досының жағдайы нашарлап, жолай көлік тоқтап, оларды жеткізіп тастауды ұсынған. Әпкесі мен досы көліктен шығып кеткен кезде жүргізуші оларға бірнәрсе тастап кеткенін айтқанда қыз бала қайтадан келген. Сол сәтті пайдаланып, жүргізуші қызды итеріп, көлікке салып, алып кеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу