Алматыда бірнеше көшеге жаңа атау берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Алатау ауданы Нұркент шағын ауданында:
№1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес есімі беріледі. Бостандық ауданына қарасты Ерменсай ықшамауданында:
№2 жобалық атауы бар көше – Жақсылық Үшкемпіров көшесіне;
№4 жобалық атауы бар көше – Қаршыға Ахмедьяров көшесіне;
№5 жобалық атауы бар көше – Шолпан Жандарбекова көшесіне өзгертіледі.
Бостандық ауданы, Нұр Алатау шағын ауданында:
№12 жобалық атауы бар көшеге – Ғазиз Жұбановтың есімі берілсін;
№13 жобалық атауымен көшесі – Кәкімбек Салықов атауына өзгертіледі.
Бостандық ауданы, Нұрлытау шағын ауданында:
№6 жобалық атауы бар көшеге – Роза Жаманованың есімі беріледі.
Медеу ауданында:
№2 жобалық атауымен көше – Тимофей Седельников көшесіне;
№7 жобалық атауымен көше – Мәшұыр Жүсіп көшесіне ауыстырылалы.
Медеу ауданы Алатау шағын ауданында:
№14 жобалық атауы бар көшеге Лев Гумилев есімі беріледі.
Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.