Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады

187

Жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілікке шығады, 2,5 мың қап құм дайындалады.

Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады

24-28 сәуір аралығында Алматы қаласында толассыз жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілікке шығады, 2,5 мың қап құм дайындалады.

Күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады.

Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етіп, су басудың алдын алу үшін 320 жұмысшы мен 92 бірлік арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Күн сайын арықтан 250 м3 лай және кездейсоқ қоқыс шығарылады.

"Ауа-райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильдерді жол жиектеріне қоюға кеңес берілмейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауын сұраймыз. Су тасқынының алдын алу үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауға шақырамыз", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу