Әлеуметтік желіде Алматыда жол үстінде болған төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Видеодан жол үстінде бірнеше жігіттің машина есігін ашып, жүргізушіні аяқпен теуіп жатқанын көруге болады.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.
- Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушыларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Күдіктілер міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлайды департмент баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу