Бейнежазбада олардың қарсы бағыттағы жолаққа шығуы, күрт маневрлер жасауы, апатты жағдай туындатуы және қауіпсіздік талаптарын елемеуі тіркелген.
– Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар барлық жүргізуші ұсталды, – деп хабарлады департамент.
Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаевтың айтуынша, құқық бұзушыларға қатысты қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін жағдай туындату, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған.