Алматыда бірыңғай туристік билет іске қосылды

209

Бірыңғай билеттің құны 9 990 теңгеден басталады. 

Алматыда бірыңғай туристік билет іске қосылды Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда көрікті жерлер мен экскурсияларды тиімді бағамен көруге мүмкіндік беретін саяхатшылар үшін Almaty Pass бірыңғай билеті іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бірыңғай билеті алу арқылы туристер қаржысын 63%-ға дейін үнемдейді. Мысалы, бірыңғай билеттің құны 9 990 теңгеден басталады, оған 27 300 теңге сомасындағы нысандарға бару кіреді.

"Almaty Pass жүйесіне келесі туристік нысандарға бару кіреді: "Көктөбе" аспалы жолы, "Көктөбе" саябағындағы айналма жол және жылдам түсу (Fast Coaster), MEGA Alma-Ata СОО аумағындағы Happy Eye шолу дөңгелегі, Алматы хайуанаттар бағы, Ә.Қастеев атындағы өнер музейі, "Медеу-Шымбұлақ" бағытындағы Shymbulak аспалы жолы, Ботаникалық бақ, сондай-ақ қаланың қызықты бағыттары бойынша Nur Bus автобусымен шолу туры", - делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу