Алматыда биыл 2 млн 396 шаршы метр тұрғын үй салынады

839

Оның басым бөлігі қаланың шетінде бой көтермек.

Алматыда биыл 2 млн 396 шаршы метр тұрғын үй салынады

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен "Алматы - шетсіз қала" тұжырымдамасын іске асыру бойынша онлайн-брифингте Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов баспанамен қамту мәселесін қозғады. 

"Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша 2 млн 396 шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Оның басым бөлігі қаланың шетінде бой көтеруде. 290 мың шаршы метріне қаржы әлеуметтік осал топты баспанамен қамту үшін мемлекет есебінен бөлінеді. Жалпы әрбір қала тұрғынына 30 шаршы метрден келетіндей көрсеткіштерге жетуді көздеп отырмыз. Бұл қаланың бас жоспарында қарастырылған", – деді басқарма басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу