Алматыда биыл 265 мың ағаш отырғызылады

836

Облысқа шекаралас орналасқан Наурызбай және Алатау аудандары бірінші кезекте көгалдандырылады.  

Алматыда биыл 265 мың ағаш отырғызылады

Қаланың Жасыл экономика басқармасының мәліметі бойынша 2019 жылы #JasylAlmaty акциясы аясында 135 мың жасыл желек отырғызылды. Ағаштар көпшілік жиналатын аумақтарға, оның ішінде мектептердің, ауруханалардың айналасына, "Мохнатка", "Көктөбе" тауларының бөктерлеріне, Атакенттің, Атлеттер ауылы мен "Алатау" театрының алаңдарына егілді.

Салыстырмалы түрде алсақ Алматының ең жасыл аймағы Медеу ауданында 472-мыңнан астам ағаш өсуде. Ал Наурызбай және Алатау аудандарында шамамен 202 мың және 179 мың ағаш бар.  Жасыл желекті көбейту бойынша одан кейінгі орында Түрксіб ауданы (ағаш саны 431,5 мың түп), Бостандық ауданы тұр. Мамандар мұндағы 380 мың түп ағаш өсіп тұрғанын айтады. 

Айта кетерлігі, ағаштар санының құрамына тек көпшілік қолданатын жердегілер ғана еніп отыр. Бұған жеке аумақтардағы, зираттардағы, республикалық маңызы бар жерлердегі жасыл желек қосылмаған. Ал жалпы мегаполисте 2,352 млн ағаш бар. Олар жыл сайын зиянкестерден қорғайтын биологиялық сұйықтықтармен өңделеді. 

"Жасыл желекті өңдеу жұмыстары қорғаудың биологиялық, қажет болған жағдайда химиялық әдіспен іске асуда. Өңдеу жүргізер алдында 5-7 күн ішінде зиянкестердің даму фенологиясына, түрлі зиянкестерден таралуына мониторинг жүргізіледі", — деп хабарлады қаланың Жасыл экономика басқармасы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу