Алматыда биыл 92 жаңа нысан пайдалануға беріледі

636

Шаһардың негізгі капиталына 2021 жылы триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған.

Алматыда биыл 92 жаңа нысан пайдалануға беріледі

Биылғы жылы қала өнеркәсіп, құрылыс, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, сауда және қызмет көрсету салаларында бірден 92 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында айтылды.

Инвестиция тартуда негізгі қозғаушы ол – тұрғын үй, өндірістік және әлеуметтік нысандарды салу. Жылжымайтын мүлік саласында жалпы сомасы 66,9 млрд теңге болатын 34 көпсалалы тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған.

Өнеркәсіп саласында жалпы сомасы 37,6 млрд теңгені құрайтын 20 жобаны, Индустриалды аймақ аумағында 10 жобаны ("Novus Polymer", "Valtherm", "Astana Invest" Корпорациясы", "Nedex Almaty", "City Stone", "Каз-Диа-Тест ЖШС және басқалары), қала аумағында 5 жобаны ("Казферросталь","Интермультсервис", "Serebro Profit", "ТоргСтрой" ЖШС, "Евразиан Фудс Корпорэйшн" Ақ) жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұлардан өзге, жыл соңына дейін қалада құны 2,85 миллиард теңге болатын 5 өнеркәсіптік парк ("KazStroyTrade", "ADS Industries", "Ala Estate", "D&J Investments & Logistic", "Asia Prom Textile" ЖШС) іске қосылып, 1400 жұмыс орны ашылатын болады. Қазіргі кезде компаниялар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні өндірістік парктер инвесторлары 19 кәсіпорынмен жалға берудің алдын ала шарттарын жасады.

Сондай-ақ, жалпы құны 31,8 млрд тенге болатын 14 әлеуметтік жоба – спорт және өнер орталығы ("High Tech Academy" Қазақстандағы алғашқы инновациялық жобалық мектеп), "Helmer" медициналық оңалту орталығы, Орта Азиялық экологиялық зерттеулер институты, "Демеу Қоры"АҚ ның балет театры, сауда және қызмет көрсету саласының жалпы сомасы 22,5 млрд теңге болатын 24 жобасы іске асырылмақ.

Еске салсақ, 2020 жылы Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 971,2 млрд теңге болды. Қалада жалпы құны 175 млрд теңге болатын 51 жоба орындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу