Оның ішінде Алматыға 2021 жылға бөлінгені 800-ге жуық квота болса, 2020 жылы 130 квота бөлінген. Биыл 845 квота қарастырылды.
"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 2022 жылы 845 квота бөлінді. Бірінші тоқсанға 759 квота берілді", – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасынан ҚазАқпарат тілшісі жолдаған сауалға.
ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды. Бүгінде Алматы қаласы бойынша тегін ЭКО-ға 879 әйел кезекте тұр. ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек, сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жібереді. Осы бағдарлама аясында пациент жылына бір рет ЭКО жасай алады.
Бүгінде елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылы елімізде "Аңсаған сәби" бағдарламасы жүзеге асты.