Алматыда биыл ірі медициналық нысандар салынады

920

Алматыда биыл ірі медициналық нысандар салынады

Алматыда алдағы үш жыл ішінде бірқатар ірі медициналық нысан салынады. Олардың арасында жаңа онкологиялық орталық, қазақ-жапон диагностикалық орталығы, презентхана және халықаралық "Mount Sinai" госпиталі бар. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жаңа "Керуен-Medicus" медицина орталығында болғанда айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала басшысы клиника ұжымымен кездесу барысында Орталық Азия қалалары арасында Алматының "Саламатты қалалар" бүкіләлемдік ұйымы жүйесіне алғашқылардың бірі болып енгенін және медициналық туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. Тек 2017 жылдың өзінде ғана 2 мыңнан астам шетелдік азамат пен еліміздің өзге өңірлерінен келген 270 мың адамға медициналық қызмет көрсетілген. Бұл өз кезегінде қала бюджетіне 240 млн теңгеден астам кіріс әкелген.

"Шын мәнісінде денсаулық сақтау қаланың экожүйесінен бастау алады, сондықтан біз экология мәселесі мен "Қала адамдар үшін" концепциясына ерекше назар аударамыз, жаяу жүргінші аймақтарын, саябақтар мен скверлерді жасауға, экологиялық қоғамдық көлікті енгізуге, Алматы аулаларын жаңартуға, балалар және спор алаңдарын салуға жете мән береміз. Қазіргі кезде ТЭЦ-1 модернизациялануда және ТЭЦ-2 газға көшіру үшін болжам бойынша ТЭО жасалуда. Жыл аяғына дейін жеке сектор толық газдандырылуға тиіс", - деді Бауыржан Байбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу