Алматыда биыл көлік бөлшектерін ұрлаған 165 адам ұсталды

957

Алматыда биыл көлік бөлшектерін ұрлаған 165 адам ұсталды

Алматыда жыл басынан бері көлік бөлшектерін ұрлау бойынша 1688 іс тіркелген. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Оның бар болғаны 248-і ғана ашылып, ұрылар жазаға тартылды. Ал биылғы жырты жылда көлік бөлшегін қолды еткен 165 адам ұсталды. Оның 163-і жұмыссыз, дейді тәртіп сақшылары. Жеке көліктерді торуылдаушылар көбіне қаланың Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында күндізгі уақытта жорыққа шығатын көрінеді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ұрлық өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға азайған.

Айта кетейік, өткен жылдың бірінші жартысында 2310 іс тіркелген.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу