Алматыда биыл Наурыз мерекесі Астана алаңы мен Атлеттер ауылында өтеді

1070

Алматыда биыл Наурыз мерекесі Астана алаңы мен Атлеттер ауылында өтеді

Алматы қаласының әкімдігі биылғы Наурыз мерекесін Астана алаңы мен Атлеттер ауылында ұйымдастыруды ұйғарып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Астана алаңына киіз үйлер, әр түрлі қостар, шатырлар тігіліп, Наурыз тақырыбына орай жасалған инсталляциялар орнатылады. Мерекеде "Мүшел" атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан "Самалық", "Түлік жыры" атты салт-дәстүрлі, ән-жырлары орындалады.

Мерекелік қойылым өтетін алаң біртұтас сахналық кеңістік принципімен безендіріледі. Барлық мерекелік іс-шаралар, ән-би, театрландырылған қойылым КБТУ ғимаратының алдына жиналған бүкіл жұртшылық бірдей көретін сахнада өтеді.

Ал Атлеттер ауылындағы мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қоныстанған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады.

Мереке өтетін алаңға "шамдал", "қос", "көне сауда арбалары", "таңбалы тастар", "тарих тегершігі" атты инсталляциялар және ұлттық нышандағы әр түрлі мүсіндер қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу