Алматыда биыл "Жасыл ел" командасына қосылуға 3 мың жас ниет білдірген

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы тақырып қозғалды.  

Алматыда биыл "Жасыл ел" командасына қосылуға 3 мың жас ниет білдірген Фото: gosfund.kz

Алматы қаласы әкімі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Бағдат Анарбаева және Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Әзиз Қажденбек бағдарлама жастар арасында аса сұранысқа ие екенін жеткізді.

 "Жасыл ел" бағдарламасы 16-дан 29 жасқа дейінгі жастарға арналған. Ол жазғы уақытта жастардың басын біріктіреді және әлеуметтік әрі экологиялық жобаларды жүзеге асырады.

 "Бүгін біз жастар үшін өте маңызды және пайдалы жоба туралы айтып отырмыз. Бұл бағдарлама көп жылдар бойы жұмыс істеп келеді және жыл сайын жазғы кезеңде студенттерге жұмыс табу және аз да болса табыс табу  табу мақсатында қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, қаламыздың көркейіп, көгалдандыруына септігін тигізеді", - дейді Б.Анарбаева.

Жалпы, аталған бағдарлама аясында барлық кезеңінде 20 мыңнан астам студент пен жұмыссыз жастар жұмысқа орналастырылды.

 "Биыл 3 мыңнан астам жас бұл қатарға өтуге ниет білдірген. Биылғы жылы бағдарлама аясында квота 1900 орынды құрады. Біз оны толықтай қамтыдық", - деп толықтырды Ә.Қажданбек.

Бағдарлама аясында жастар тек экологиялық акцияларға ғана емес, сонымен бірге, ірі ауқымды шараларға қатысты. Биыл "Табиғатты бағалайық" челленджі іске қосылды, жастар эко-акцияларға қатысты.

 "Жасыл ел" мүшесі болу оңай, ол үшін оның кеңсесінде тіркелу қажет. Биыл бұл жобаны Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жүзеге асырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу