"Осы жылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуірден қараша аралығында қабылданады, нақты мерзімдері мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз", – дейді Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.
Өтінімді business.enbek.kz порталы арқылы беруге болады.
Грант алу үшін қойылатын шарттар:
* тіркелген жұмыссыз мәртебесі немесе мерзімі 1 жылдан аспайтын ЖК болуы;
* Алматы қаласында тұрақты, уақытша (1 жылдан кем емес) тіркелу;
* business.enbek.kz порталында тіркелу;
* бизнес-жоспардың болуы.
Үміткерлер бизнес-жоспарды өздері дербес жасайды және Business.enbek.kz. порталына өтінім жібереді. Өтінімдерді қарау мерзімі – 10 жұмыс күні.
Гранттарды комиссияның шешімі негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы береді. Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
- өткізу нарықтарының пысықталуы;
- бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;
- кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;
- жаңа жұмыс орындарын құру.