Алматыда бизнес-орталық өртеніп жатыр

177

Өрттің жақын маңдағы ғимаратқа таралу қаупі жойылды.

Алматыда бизнес-орталық өртеніп жатыр Фото: Бейнежазбадан

Алмалы ауданында 3-қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.             

Отқа оранған ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт сөндірушілер Алмалы ауданы, Әуезов көшесі, 33/35 мекенжайындағы ғимаратан шыққан өртті сөндіріп жатыр.

– Үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатыр, аумақ нақтыланып жатыр, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомстводан атап өткендей, газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері адамдардың бар-жоғына барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу