Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 тамыз күні Наурызбай аудандық ПБ-на 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданды.
Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды.
Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен тіркелді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу