Алматыда бойжеткенге тиіскен курьердің үстінен іс қозғалды

311

Жәбірленушің сөзінше, үлкен гүлшоғын жеткізген курьер пәтерге кіріп, қызға тиіскен.    

Алматыда бойжеткенге тиіскен курьердің үстінен іс қозғалды Фото: canva.com

Алматыда 14 ақпанда қызға гүл жеткізген курьерге қатысты әкімшілік өндіріс басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Almaty Today-ге сілтеме жасап.

Бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып, әлеуметтік желі арқылы видеоүндеу жариялады.

Қыздың айтуынша, курьер кешкі сағат 21:00 шамасында пәтеріне көтерілген. Гүлді бұрышқа қоюын сұрағаннан кейін ер адам оған тиісе бастаған. Қыз айқайлап, оны үйінен қуып шыққан.

Хат алмасу барысында курьер дөрекілік көрсетіп, болған жайтты "түсінбеушілік" деп ақталып, артынша кешірім сұраған.

"Мұндай видеоны түсіремін деп ойлаған емеспін. Өмірімде алғаш рет өз пәтерімде қорықтым. Неге мен курьерге есік ашудан қорқуым керек?", – деп бойжеткен көзіне жас алды.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған іс бойынша әкімшілік өндіріс басталғанын хабарлады.

Курьердің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу