Алматыда болат құбырын шығаратын зауыт салынады

861

Алматыда болат құбырын шығаратын зауыт салынады

Алматыда диаметрі үлкен болат құбырын шығаратын жоғары технологиялық зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алатау ауданының индустриялық аймағында мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдау, тау-кен, құрылыс, химиялық өнеркәсіп, энергетика салаларында пайдалану үшін диаметрі үлкен болат құбырын шығаратын жоғары технологиялық зауыт құрылысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жоғары технологиялық жаңа зауыттың құрылысы Қазақстанға кіретін құбыр өнімінің 60%-ына импортты алмастыруды қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, бюджетке қосымша салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған индустриялық аймақ шетел инвестициясын тарту орталығына айналды. Құрылыс кезеңінде 800 жұмыс орны және зауыт іске қосылғаннан кейін 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады", – дейді Бауыржан Байбек.

Алатау ауданының 18,2 га аумағында орналасатын зауыт жылына 100 мың тонна құбыр шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу