Алматыда болған атыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

497

Олар ауруханада жатыр. 

Алматыда болған атыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2 науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскен.

"Науқастың бірі маңдай сүйегінің сынығы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, сол жіліншіктің өтпелі оқ жарақатымен жеткізілді. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Қазіргі кезде жағдайы бірқалыпты, науқасты бас сүйегі отасына дайындап жатыр. Екінші науқас ауыр жағдайда құрсақ қуысына өтпелі тиген оқ жарақаты, ішастар ішіне қан ағу, қансырау мен ауырсынудан болатын шок, оң қол буынына тиген өтпелі оқ жарақатымен түсті. Шұғыл түрде ішек тұтастығын қалпына келтіріп, іштен қан кетуді тоқтата отырып, хирургиялық ота жасалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Басқарма екінші науқастың хирургия бөлімінде жатқанын, жағдайы тұрақты  ауыр екенін атап өтті.

Еске салайық, Алматыда кафелердің бірінде атыс болып, 2 адам зардап шекті. Бостандық аудандық полиция басқармасы аталмыш деректі тергеп жатыр. Күдіктілердің бірі ұсталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу