Алматыда Боралдай тас жолында қозғалыс шектеледі

Қаланың бұл бөлігінде су құбыры мен кәріз желілерін салу жұмыстары басталды.  

Алматыда Боралдай тас жолында қозғалыс шектеледі Фото: YouTube

Бұл туралы Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады. 

"5 шілдеден 3 тамызға дейін Алматы қаласының Алатау ауданында Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін Боралдай тас жолында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл аумақта қозғалыс екі бағытқа да жабылады.

Су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. 3,5 шақырым су құбыры және 2,8 шақырым кәріз желісі салынады. Бұл жобаның арқасында Алатау ауданының 2,5 мың тұрғыны тұрақты желілермен қамтылады", – деп хабарлады басқармада. 

Ведомство көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды ұсынды.

Биыл барлығы 20 нысан бойынша 108,4 шақырым су құбыры және кәріз желісін (81,1 шақырым су құбыры және 27,3 шақырым кәріз) салу жоспарланған, бұл халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 99,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, желілерді салу және жаңғырту жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, себебі бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Мысалы, былтыр Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарының 18 шағын ауданында 153,9 шақырым сумен қамту және 118,1 шақырым су бұру желісі салынды (60 мыңға жуық адам қамтылды). Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында сумен қамту желілерінің тозуы 56,2%-дан 55,8%-ға және кәріз желісінің тозуы 58%-дан 57,5%-ға дейін төмендеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 99% болған, ағынды суды тазарта отырып халықты қамту 92,7%-ға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу