Алматыда 1 қаңтардан бастап ботаникалық баққа кіру билеті қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас ботаникалық баққа кіру үшін қосымша 24,20 теңге төлеу керек. Себебі, ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін әрбір келуші төлеуге тиіс салық көлемі өсті", - делінген хабарламада.
Енді ботаникалық баққа кіру кезінде ересектер — 874,20 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары — 527,20 теңге, студенттер — 709,20 теңге төлейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу