Алматыда ерлерге арналған қымбат киімдер сататын дүкенді тонады деп күдікке іліккен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оларды Алмалы аудандық полиция департаментінің қызметкерлері анықтаған. Қазақстанның әр өңірінен келген 39, 37 және 33 жастағы үш азамат жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан брендтік киім дүкенін тонап кеткен.
"Олардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысқаны анықталды. Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдіктілер жалдамалы пәтерде ұсталған. Ер адамдар ұрланған киімдерді өлшемі мен маусымына қарай сұрыптап үлгерген", – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу