Алматыда британиялық азаматқа 20 жыл бас бостандығынан айыруға үкім кесілді

550

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қонақ үйде бір жарым жасар қызды өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. Сот 42 жастағы Ұлыбритания азаматын кінәлі деп танып, бес жыл мерзімге Қазақстаннан шеттетіп, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті. 

Алматыда британиялық азаматқа 20 жыл бас бостандығынан айыруға үкім кесілді

Қылмыстық процесс онлайн форматта өтті. Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарады. Ал айыпталушы Мохамед Баракат өзінің қорғаушысымен бірге сотқа онлайн қатысты. 

"Сот өткен жылдың қазан айында Алматыдағы қонақ үйде Ұлыбритания азаматы алкоголь және есірткіге мас күйінде әйелімен жанжалдан кейін бір жасар қызын ұрып, оның өліміне әкеп соқтырғанын анықтады. 10-нан астам куәгер қолында баласы бар әйелдің қабылдау бөліміне жүгіріп келіп, күйеуі баланы өлтірді деп айтқанына куәлік етті", - деді сот.

Еске салайық, 2019 жылдың 24 қазан күні Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бір жарым жасар қыз қайтыс болып, оның өліміне қатысы бар деп оның әкесі ұсталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу