Қазіргі уақытта жұмыстар басталып та кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шаһар басшысы екі BRT желісін салу жоспарын айтып, тұрғындар үшін қолайсыздықтың азаятынына сендірді.
– Желтоқсан көшесі бойынша 4,6 шақырым және Райымбек даңғылы бойынша 17,2 шақырым болады. Үдерістерді оңтайландыру үшін Райымбек даңғылы бойынша жоба екі кезеңге бөлінді. Біз бірінші кезең жұмыстарына күзде кірісе алатын едік, бірақ сарапшылар қауымдастығымен талқылаулардан кейін және қала тұрғындарына қолайсыздықты азайту мақсатында екі кезең бойынша жұмыстарды бірден бастау туралы шешім қабылданды, – деді қала әкімі.
2025 жылдың қаңтарында Райымбек даңғылының екі учаскесі бойынша мердігер ұйымды таңдау байқауы жарияланбақ. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың наурыз айында басталады.
Қала әкімі осы уақытта Желтоқсан көшесінде BRT жобасының жүзеге асырылуы басталатынын да айтқан.
– Біз жолақтарды тарылтып, қоғамдық көлікке арналған қосымша жолақ үшін орын босатуды жоспарлап отырмыз. Жоба Райымбек даңғылындағыдай инженерлік инфрақұрылымды ауыстыру жұмыстарымен жүзеге асырылады. 2025 жылдың соңына дейін екі желіні де аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді ол.
Енді қазіргі қолданыстағы BRT желісін қосқанда Алматыда жалпы ұзындығы 30,5 шақырымға жетеді.