Алматыда бүгіннен бастап 60 жаңа автобус жолға шығады

525

Олар 38, 38а және 37 маршруттары бойынша қатынайтын болады.  

Алматыда бүгіннен бастап 60 жаңа автобус жолға шығады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі мәлім етті.

Алматыда автобус паркін жаңарту жалғасып жатыр. 2023 жылғы 31 тамыздан бастап 60 автобус тұрғындарға қызмет көрсетеді. 18 метрлік автобустар №38, 38а және 37 бағыттарды күшейтеді. 

Бұрын жылжымалы бірліктердің тапшылығына байланысты бұл маршруттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен. Енді жүріс аралығы 6-7 минутқа дейін азаяды деп күтіліп отыр.

Босаған ескі автобустар №201  маршруттың жылжымалы қүрамын ауыстырады. 24 бірлік 18 метрлік автобустардың арқасында қозғалыс аралығы 15 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады.

Айта кетейік, биыл Алматыда коммуналдық автопарк 600 газбен жүретін автобус пен 100 троллейбус сатып алып жатыр. Алғашқы 100 автобус келіп, біртіндеп жолаушыларға қызмет көрсете бастайды. Қалған жылжымалы бірліктер биыл жыл соңына дейін жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу