Алматыда бұрынғы аудан әкіміне 9 млн теңге айыппұл салынды

354

Сонымен қатар қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына 43.3 млн теңгеге 161 әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматыда бұрынғы аудан әкіміне 9 млн теңге айыппұл салынды Фото: canva.com

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында жергілікті атқарушы органдар жіберетін заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда сәйкес рұқсаттың (лицензия) болуына қарамастан, тапсырыс беруші (ұйымдастырушы) олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған, егер олар конкурсқа жіберілгенде, 100 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді", - делінген хабарламада.

Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін бұрынғы аудан әкіміне 9.2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына 43.3 млн теңгеге 161 әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Басқа жағдайда, тапсырыс берушілердің бірі конкурс жариялау кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді біртекті түрлері мен оларды жеткізу орны бойынша бөлмеген, осылайша ірі кәсіпкерлерге артықшылық бере отырып, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетті өнім берушілерін конкурсқа қатысудан шектеген", - делінген хабарламада,

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды және мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің тең шарттары сақталуына сәйкес қайта өткізілді.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 10 млрд. теңгеден астам сомаға конкурстар тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу