Алматыда бұрынғы "Белкамит" зауытының аумағында мектеп салынады

Бұл туралы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Алматыда бұрынғы "Белкамит" зауытының аумағында мектеп салынады Фото: inform.kz

№122 мектеп пен "Білім инновация лицейін" сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу аяқталды. Сондай-ақ, жаңа оқу жылы басталғанға дейін №127 және 141 мектептерінде де жөндеу жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қаласының әкімдігі мен құрылыс компаниялары арасындағы меморандум аясында қазан айында бұрынғы "Белкамит" зауытының аумағына 900 орындық мектеп салынады. 

"Мамыр-1" шағын ауданында ауысымына 200 адамды қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып келеді. Қазір жұмыстар 90%-ға бітті, нысан мамыр айында пайдалануға беріледі. 

"Қуаныш" шағын ауданында ауысымына 300 адам қабылдайтын №18 емхананың жаңа негізгі ғимаратын салу үшін жер учаскесін сатып алу жұмыстары жалғасып отыр. 

Қазіргі уақытта жер учаскесінің құны иесімен келісілуде. Бұл нысандардың құрылысы осы емхананың шамадан тыс жүктемесін толықтай шешуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу