Алматыда БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары бойынша өңірлік хабын ашу мәселесі пысықталды

640

ҚазМЗУ Университетінде "Дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асырудың негізгі миссиясы ретінде" атты семинар өтті.    

 Алматыда БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары бойынша өңірлік хабын ашу мәселесі пысықталды Фото: economy.kz

Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Экономикалық зерттеулер институтының және БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері қатысты, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

ҰЭМ Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарованың айтуынша, Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

ТДМ Үйлестіру кеңесінің мәртебесін арттыру, тұрақтылық пен инклюзивтілік қағидаттарын елдің 2025 жылға дейінгі жаңа Ұлттық даму жоспарының негізіне енгізу, сондай-ақ ұлттық жобалар арқылы Тұрақты дамудың стратегиялық мақсаттарын оқшаулау бойынша жұмыс қолға алынған.

Сондай-ақ, Алматыда қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін арналған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша өңірлік хабын ашу мәселесі пысықталып жатыр. Ол өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін шешеді. Бұған дейін БҰҰ-ның 77 сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті бастама көтерген болатын.

Семинарға қатысушылар сапалы білім беру, гендерлік теңдік, халықтың ауыз суға қол жеткізуі, экожүйені қалпына келтіру және жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде болатын өлім-жітім мәселелерін қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу