Алматыда былтырғымен салыстырғанда қылмыс деңгейі 5,4%-ға төмендеді

768

Жол-көлік оқиғаларының саны 2,8%-ға өскен.

Алматыда былтырғымен салыстырғанда қылмыс деңгейі 5,4%-ға төмендеді

Қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов онлайн форматта өткен брифингті шаһардағы қылмыстық ахуал деректермен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Жағдай тұрақты және бақылауда. Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 5,4%-ға төмендеді. Бұл ретте, жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 2,9%-ға, ал ауыр және аса ауыр 1,3%-ға жақсарды. Көшеде жасалған құқық бұзушылық саны – 3,9 есеге және қоғамдық орындарда – 3,2 есеге азайды", – деді Қанат Таймерденов. 

Алматыда адамдар жарақат алған жол-көлік оқиғаларының саны 2,8%-ға өскен. Департамент басшысының пікірінше көрсеткіштің бұлай өзгеруіне өткен жылы толық локдаунның енгізілуі, бақылау-посттарының орнатылуы әсер еткен. 

"Егер қалада күн сайын 750 мыңға жуық көлік бірлігі жүрсе, онда локдаун кезінде бұл көрсеткіш 5 есеге қысқарды. Өсімге қарамастан, біз жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді 7,9%-ға төмендете алдық", – деді, Қанат Таймерденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу