Алматыда "Бюджетке қатысу" жобасын қаржыландыру артады

1382

Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 7,4 млрд теңге бағытталған. 

Алматыда "Бюджетке қатысу" жобасын қаржыландыру артады

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматылықтар "Бюджетке қатысу" жобасына белсенді қатысуда. Қалалықтардан түскен ұсыныстар үш есеге өсті. Биыл жобаны жүзеге асыруға 7,4 млрд теңге бағытталғанын атап өткім келеді. Халық тарапынан сұраныстың артуына қарай қаржыландыру көлемі ұлғаяды", – деді Алматы әкімі. 

Бұған қоса көктемде әуежайдан Тұңғыш Президент саябағына дейінгі қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары басталмақ. Жалпы ұзындығы 17 шақырымнан асатын тоғыз көшені реконструкциялау басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу