Алматыда CarCity жалға алынған бутиктерді қайталап жалға берілу мәселесін шешті

811

Сауда орталығының қожайындары бұдан былай үшінші тұлғаларды айналып өтіп, кәсіпкерлермен тікелей шарт жасайтын болды.

Алматыда CarCity жалға алынған бутиктерді қайталап жалға берілу мәселесін шешті

Алматыдағы CarCity сауда орталығының басшылығы өз алаңдарын үшінші тұлғалардың қайталап жалға беру мәселесіне нүкте қойды. Сөйтіп, пайда ойлаған кәсіпкерлер осы уақытқа дейін жай отырып тұрақты табыс тауып отырған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жылсайынғы шарт жасаcудың шеңберінде CarCity (КарСити) СО-да бутиктерді қайта жалға беру жөнінде делдалдық қызметке жұмылдырылған бірқатар тұлға анықталды. Осылайша, коммерциялық қызмет жүргізуді мақсат тұтпаған мұндай тұлғалар белгілі бір бутиктерді жалға алуға шарт жасап,  оны кейін шынымен де коммерциялық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қосалқы жалға беріп отырған. Делдалдар CarCity (Кар Сити) СО-да белгіленгеннен бірнеше есе жоғары жалдау ақысын белгілеп қойған", –  деп хабарлады СО басшылығы.

Нәтижесінде басшылық Жеке кәсіпкер ретінде және орналасқан орны бойынша бақылау-кассалық машиналары тіркелген коммерциялық қызмет субъектілерімен тікелей шарттар жасауды ұйғарып отыр. 2018 жылғы 4 қазанға дейін басшылық 875 шарт жасаған.

Сондай-ақ базар аумағында абаттандырылған жаңа тұрақ пайда болатынын да мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу