Алматыда Carrefour Kazakhstan сауда орталығы жабылады

898

Алматыда Carrefour Kazakhstan сауда орталығы жабылады

2 шілде күні Алматыда Carrefour Kazakhstan сауда орталығы жабылады, деп хабарлайды 7kun.kz. Бұл туралы Carrefour дүкені өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.

"Достар! Бізбен бірге сауда жасағандарыңызға алғыс айтамыз! Сіздерге 2 шілде күні Carrefour гипермаркетінің жабылатынын хабарлаймыз!", - деп жариялаған Facebook-тегі ресми парақшаларында Еске салсақ, 2016 жылы ақпанда француздық Carrefour дүкендер желісі Алматыда алғашқы гипермаркетін ашқан еді. Ашылуынан кейін дүкен жұмысымен танысуға президент Нұрсұлтан Назарбаев келген болатын. Мұнда 40 мыңға жуық тауар түрлері сатылып, 450 қызметкер жұмыс істейді.

Бұған дейін, Қазақстан ретейлерлер Қауымдастығының президенті Василий Горевойдың Қазақстаннан шетелдік брендтердің үштен бірінің кетуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу