Алматыда цех өртенді

539

Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.  

Алматыда цех өртенді Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін сағат 17:10 бастап Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша цехта шыққан өртті сөндіруге аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өртті сөндіруге және көрші үйлерді қорғауға өрт оқпандары қолданылды, өртке қарсы автоцистерналар су көздеріне қосылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

"Өрт сөндірушілердің күшімен 500 шаршы метр алаңдағы өрт сағат 18:25-те оқшауланып, 18:40-та толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу