Алматыда "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасы анықталды

510

Кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан.

Алматыда "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасы анықталды Фото: yandex.kz

"Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілді. Айта кету керек, "Chia Tai Tianging" Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу