Алматыда Қазақстан мен Ресейдің мектеп оқушылары қатысқан жастар фестивалі өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Оған цифрлық жүйелерге қызығып, өз жобаларын ұсынған 330 жас қатысты. Үш күн бойы өтетін шара барысында қазылар алқасы жастардың ақпараттық технология саласындағы жұмыстарын саралап, үздіктерді анықтайды. Жас та болса үлкен іске бас болған оқушылардың кейбір жұмыстарына жоғары оқу орындары мен шетелдік ІТ компаниялар аса қызығушылық білдірді. Мысалы, өткен жылы осындай шара барасында шетелдік компания алматылық оқушы ұсынған жобаны сатып алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу