Алматыда City Makers: JASTAR QALASY фестивалі өтті

314

Фестивальге 5 мыңға жуық адам қатысты.  

Алматыда City Makers: JASTAR QALASY фестивалі өтті Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда жастарды, студенттерді, еріктілер мен белсенді қала тұрғындарын біріктірген City Makers: JASTAR QALASY фестивалі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға 5 мыңға жуық адам және 100-ге жуық қалалық қауымдастық қатысты.

Фестивальде студенттерге, оның ішінде бірінші курсқа жаңадан қабылданған және еліміздің басқа өңірлерінен келген жастарға ерекше назар аударылды. Қатысушылар қалалық жобалармен танысып, жаңа орта қалыптастырып, өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.

Алты тақырыптық алаңда экология, технология, білім, креативті экономика, әлеуметтік қолдау, спорт және қалалық ортаны дамыту бағытындағы жобалар ұсынылды. Бағдарлама аясында дәрістер мен шеберлік сабақтары, қойылымдар, квест және жергілікті брендтердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қалада белсенді азаматтық қауымдастықтардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, тұрғындардың қалалық бастамаларға белсенді араласуы мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы "Адал азамат", "Таза Қазақстан" құндылықтары және "Заң және тәртіп" қағидатымен үндеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу